Әдепті болу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп.
Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті. Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз.
Мемлекетіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты» деп атап өтіп, таяу жылдарда атқарылуы тиіс маңызды міндеттерге тоқталды.
Расында да заң мен тәртіп сақталмаған жерде табысты тірліктің болмайтындығы ақиқат. Әділетті қоғам қалыптастыру үшін құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Бұл тұрғыда облыстық әділет департаменті тарапынан да жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.