Танымал этнограф Болат Бопайұлы өмірден озды
Отандық танымал жазушы-этнограф, астролог, көрнекті ғалым Болат Бопай өмірден озды,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы жазушы-публицист Марат Байділдаұлы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытайдың Көктоғай өңірінде дүниеге келген. Жоғары білім алып, Шыңжаң өлкесіндегі оқу-ағарту ісіне үлес қосты. Оның алғашқы шығармалары сол жақта жарық көрген. Кейін атамекенге оралған соң этнография саласына тереңдеп ден қойды.
Ғалымның артында қазақ этнографиясына байланысты "Қазақ мінезі", "Қазақ кәдесі", "Қазақы түс жору", "Бастаудан бақиға дейін", "Қазақтың гүл мәдениеті", "Қазақ наурызнамасы", "Қазақ аспан есебі" сынды оннан астам құнды еңбектері қалды.