Джеки Чан мен "Оскар" иегерлері Қазақстанда фильм түсірмек
Қазақстанда Джеки Чан және америкалық продюсерлер қатысатын ірі кино жобалар жүзеге асырылады,деп хабарлайды arainfo.kz сайты orda.kz-ке сілтеме жасап
Қазақстанда әйгілі актер, продюсер Джеки Чан, америкалық «Оскар» иегерлері және режиссер Тимур Бекмамбетовтың қатысуымен ірі халықаралық кино жобалар қолға алынуда. Бұл туралы Salem Entertainment цифрлық медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай Үкімет отырысында мәлімдед.
Цайдың айтуынша, Salem Entertainment жыл сайын 12 телехикая мен 4 толықметражды фильм түсіреді. Сондай-ақ, компания Қазақтелеком және TV+ брендімен әріптестік орнатып, 700 мың жазылушы жинаған.
Сонымен қатар Қазақстанда кино саласын реформалау жоспарда бар. Үкімет кинотеатрлар мен фильм түсірушілер арасындағы кірісті қайта бөлу, сондай-ақ кассалық түсірілімді бақылау жүйесін енгізу мәселелерін қарастыруда.
2024 жылы қазақстандық фильмдер прокаттан 22 миллиард теңгеден астам табыс әкелді. Ал отандық телехикаялар Ресей, Германия, Ұлыбритания, Үндістан және Оңтүстік Корея нарықтарына шығып, халықаралық аудиторияға жол тартты.