Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір боксшымыз жеңімпаз атанды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстандық спортшы Аида Әбікеева финалда таиландтық Тананья Сомнуекпен жұдырықтасты. Ол үш раунд бойы жоғары деңгейдегі шеберлік көрсетіп, нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 кг) және Алуа Балқыбекова (50 кг) алтын медаль иеленсе, Виктория Графеева (60 кг) күміс, ал Наталья Богданова (70 кг) қола жүлдеге қол жеткізген еді.