Заңсыз мигранттармен күрес: 1240 шетелдік азамат елден шығарылды
11-14 наурыз аралығында елімізде "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі анықталды,деп хабарлайды arainfo.kz
Polisia.kz мәлімдеуінше, 4,5 мың шетелдік елде болу мерзімін, 2,5 мың адам заңсыз еңбек қызметін бұзған, оның ішінде 60 заңсыз такси жүргізушісі бар.
1240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет елдерден келген, сондай-ақ Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да бар. 20 іздеуде жүрген шетелдік ұсталды.
2200 қабылдаушы тұлға шетелдіктер туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 млн теңге айыппұл салынды. 500 қазақстандық жұмыс берушіге шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін 33 млн теңге айыппұл салынды, оның ішінде бес адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
Сонымен қатар шетелдіктерге жалған құжаттар жасағандарға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, Астанада жатақхана коменданты 56 еңбек мигрантына жалған құжат берген, Алматы облысында нотариус көмекшісі жалған сенімхаттар жасаған.
ІІМ көші-қон заңнамасын сақтауға және заңсыз қызмет көрсететін тұлғалардан сақ болуға шақырады. Шетелдіктерді тіркеу, ЖСН алу, уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін мемлекет ақы алмайды.