17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бүгін, 17 наурыз Наурызнама бойынша Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақ мәдениеті – қазіргі қоғамды ортақ құндылықтар аясына топтастырып, халқымызды біріктіретін діңгегіміз.
Сол себепті 17 наурыздың тақырыптық мазмұны мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған. Бұл ата-бабаларымыздың рухани және мәдени тыныс-тіршілігін толық сезінуге мүмкіндік береді.