Жаңалықтар

Президент Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады,деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық боксшы Назым Қызайбайды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтады. Президент Instagram парақшасында спортшының ерекше жетістігін атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде жоғары нәтиже көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелеріне алғыс айтып, спортшы қыздарға алдағы уақытта да табыс пен жаңа жеңістер тіледі.