Жаңалықтар

Таразда ҚАЖ қызметкерлері тазалық акциясына қатысты

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экоакциясына өз үлестерін қосып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде,деп хабарлайды arainfo.kz

Оның үстіне, Тараз қаласы әкімінің қаулысымен 1 наурыз және 26 сәуір аралығында көне шаһарда тазалық айы жарияланды. Осы ретте бүгін яғни, 15 наурыз күні облыс орталығында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. 

Осынау жұмыстарға біркісідей атсалысқан өңірлің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері кезекті рет сенбілік өткізді. Бұл күнгі тазалық жұмыстары барысында мекеменің аумағы күл-қоқыстан арылып, ғимарат ауласында санитарлық шаралар қолға алынды.