Жаңалықтар

Наурызнама бойынша Қайырымдылық күні өткізілді

Бүгін Наурызнама бойынша Қайырымдылық күні өткізілді,деп хабарлайды arainfo.kz

Аталған шара аясында облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері, волонтерлер және “Жасыл ел” еңбек жасақтарының жастары бірлесіп, қарттар үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты — қарттарға қолдау көрсете отырып, оларға көңіл бөлу, сұхбаттасу.

Қарттар үйі — қоғамның ең мұқтаж мүшелерінің бір бөлшегі, олар біздің ерекше назарымызды, қамқорлығымызды қажет етеді,қарттар үйінің жай-күйін жақсарту, тазалық жұмыстарын жүргізу арқылы қарттардың өмір сүру ортасын жақсарту, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Қайырымдылықты насихаттау, қоғамға қайырымдылықтың маңыздылығын түсіндіру және жастарды бұл іске тарту басты міндеттердің бірі.

Қайырымдылықтың ең маңызды түрі — бұл бір-біріне қамқор болу, қолдау көрсету және қуаныш сыйлау