Жаңалықтар

Президент: Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүйесіз жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 
 

Жергілікті билік пен қоғам белсенділері бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмей отыр.

Сондай-ақ, Президент білім мен тәрбие қатар жүруі керек екенін айтты. Бұған дейін білімге басымдық беріліп, ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас болмағанын сынға алды. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», – деп, осы салаға ерекше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.