Жамбыл жаңалықтары

Кәсіби шеберлік шыңдалған күн

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің заманауи талаптарға сай жабдықталған арнайы тәжірибелік өндірістік шаруашылық базасында Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алатын студенттер арасында облыстық «VetPro – 2025» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Сайысқа өңірдегі жетекші 4 колледжден ветеринария саласында терең білімі мен практикалық дағдылары бар 6 талантты студент қатысып, өзара кәсіби біліктіліктерін сынға салды.