Жастар

Бүгінгі студент – ертеңгі маман

«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Тараз «Парасат» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Ертеңгі білікті маман мен еңбек нарығы: сұранысқа ие дағдылар мен мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Басқосуды ашқан Тараз «Парасат» жоғары колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Динара Исмаилова қазіргі білім беру бағдарламаларының еңбек нарығына сай мамандар даярлаудағы ерекшеліктеріне тоқталды.

Семинарда «Болашақ маманның табысты әрі бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізетін дағдылар» тақырыбында колледж мамандары әлеуметтік серіктестерімен бірге нақты дағдыларды дамыту бойынша ұсыныстарды талқылады.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ