Фитнес орталық ашылды
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл ауданында әйелдердің салауатты өмір салтын ұстануына, спортпен айналысуына мүмкіндік беретін арнайы фитнес орталық ашылып, нәзік жандыларға ерекше сый жасалды.
Орталықтың ашылу салтанатына Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, ардагерлер, билер кеңесінің төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы фитнес орталықтың ашылуын қыз-келіншектер үшін үлкен тарту екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ардагерлер мен қоғам белсенділері сөз сөйлеп, әйелдердің денсаулығы мен спортпен айналысуының маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, жаңа фитнес орталық тек қыз-келіншектерге арналған. Бұл – көптеген әйелдер үшін үлкен мүмкіндік, себебі мұнда арнайы жаттықтырушы маман бекітілген, ал жаттығу залы күнделікті белгіленген кешкі уақытта жұмыс істейді.
Ең қуантарлығы, орталыққа келіп, салауатты өмір салтын ұстанамын деген әрбір әйел азаматша тегін жаттыға алады. Мұндай бастамалар нәзік жандылардың өз денсаулығына көңіл бөлуіне, дене бітімін шынықтыруына және өмір сапасын жақсартуына зор ықпал ететіні сөзсіз.
Айжан ӨЗБЕКОВА