Жаңалықтар

Жетісу облысында жер сілкінді

Астана уақыты бойынша 11 наурыз сағат 01:26 шамасында Жетісу облысында жер сілкінді,деп хабаралайды arainfo.kz

"Сейсмологиялық зерттеу институтының" мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан. Қазақстанға жеткен тербеліс күші шамамен 2 баллды құрады.

Жер дүмпуін Жетісу облысы, Жаркент қаласының тұрғындары 2 балл деңгейінде сезінуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысында да жер сілкінісі болып, оны Зайсан қаласының тұрғындары сезінген еді.