Қазақстанда бес облыста жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 11 наурызда сағат 08:00 жағдай бойынша 5 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Ақмола облысы: "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 856-917 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Жақсы ауылы).
Қарағанды облысы: "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы-Ақсу-Аюлы ауылы).
Қостанай облысы: "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы – Арқалық қаласы).
Солтүстік Қазақстан облысы: "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы – Ақмола облысының шекарасы).
Ұлытау облысы: "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 703 арнайы техника мен 1770 маман жұмылдырылды.