Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің туғанына - 80 жыл

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына — 80 жыл, деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгін танымал кино және театр актері, Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Құман Тастанбековтің туғанына 80 жыл толды. Құман Тастанбеков 1945 жылы Алматы облысының Сарқант ауданында дүниеге келген. Ол 1969 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген.

Өнер жолында көптеген маңызды рөлдерді сомдаған Құман Тастанбеков қазақ театрының белді тұлғасы болды. Оның шығармашылық мұрасы кең ауқымда: ол О. Бөкейдің «Құлыным менің» пьесасында Жан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тері» шығармасында Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановы» шығармасында Шоқан, Т. Ахтановтың «Антында» Сауран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Әлібек сияқты бейнелерді шеберлікпен сомдаған.

Кино өнері саласында да елеулі жетістіктерге жеткен актер «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген рөлімен кеңінен танылды. Бұл рөл оны қазақ киносының жарық жұлдызына айналдырды.

Құман Тастанбеков 2017 жылы 72 жасында қайтыс болды. Оның өнерге қосқан үлесі мен елеулі рөлдері қазақ мәдениетінің алтын қорына қосылды.