МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ
МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ – МЕМЛЕКЕТ МЕРЕЙІ
Баяндамашының айтуынша, бүгінде облыстағы 1015 білім беру ұйымында 42 894 мұғалім қызмет етеді. Облыс педагогтарының курсаралық кезінде кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді моделін анықтап, тәжірибеге енгізу мақсатында өңірлік педагогтар ассоциациясы жұмыс істеуде. Өңірлік ассоциацияға 12 907 педагог қамтылған. – Облыс бойынша 2019-2022 жылдар аралығында барлығы 16377 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогик алық шеберлік орталығынан 7753 педагог курстан өтті. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің білік тілігін арттыратын республикалық институтынан 835 педагог қысқа мерзімді курстардан өтті. Облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан 7789 пән мұғалімдері курстан өтті. Елімізде егемендіктің қалыптасуының ең қиын жылдарында да отандық білім беруді дамытуға көп көңіл бөлінді. Білім мен ғылымды дамыт удың 4 мемлек еттік бағдарламасы қабылданды. Білім беру инфрақұрылымын дамыту, цифрландыру, білім беру мазмұнын жаңарту проблемалары көтеріліп, шешімін тапты. Педагог кадрлардың сапасы мәселесін шешу және педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру үшін «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылданды. Осы Заңның қабылдануы педагогтарға еңбекақы төлеу жүйесінде және мұғалім кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын арттыруда айтарлықтай серпіліс жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын педагогтың орташа жалақысы 200 мың теңгені құраса, ал он жылдан астам еңбек өтілі, зерттеуші, шебер сынды біліктіліктері бар педагогтар бүгінде 300 мың теңгеден жоғары жалақы алуда. Атқарылып жатқан осы шаралардың барлығы облыстағы педагогтардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Айдын Орынбекқызы. Баяндама соңында еліміз бойынша қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін ұстаздар күніне орай мереке қарсаңында облыс әкімдігі білім басқармасы тарапынан әлеуметтік желіде «Ұстаздық – ұлы қызмет» атты челлендж ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Аталған челленджге облыстағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, оқушылар және колледж студенттері 3 қазанға дейін қатыса алады. Байқау қатысушылары әлеуметтік желілерге ұстаздарына арналған видео құттықтау жариялауы қажет. Ең креативті әрі сапалы видео-құттықтау авторлары басқарма тарапынан марапатталатын болады, – деді Айдын Досыбаева.
Айжан ӨЗБЕКОВА