Таразда түзеу мекемесінің басшылығы жазасын өтеуші әйелдерді мерекемен құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде сотталған әйелдерге көңіл бөлініп, жазасын өтеуші нәзікжандыларды мерекемен құттықтады,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл күні мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев мұндағы әрбір азаматша еркін өмірде бір-бір отбасының анасы, ақылшысы екенін атап өтті.
Өз кезегінде аңдамай шалыс басқан әйелдер қауымы заң бұзғандарына өкінетіндерін жасырмады. Олардың көзқарастарынан жүрек түкпіріндегі әйелге тән мейірімділік пен нәзіктікті аңғару қиын емес.