Мәдениет

«Әлемнің мәні – әйелде»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әлемнің мәні – әйелде» әдеби шлягер өткізді.

Кешке қоғам белсенділері, ақ кимешекті әжелер, іскер әйелдер, көпбалалы аналар мен жастар қатысты. Олардың қатарында «Шебер Шаңырақ» мүгедектер қоғамдастық бірлестігінің мүшесі Алтыншаш Канибетова, отставкадағы майор, қазіргі уақытта облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте қызметін жалғастырып жүрген Нағима Артықбаева, 81067 әскери бөлімінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Айдана Айтқұлова бар. Сонымен бірге қалалық перинаталдық орталықтың акушер-гинеколог дәрігері Айдана Дабыл, «Ainur med» медицина орталығының басшысы Айнұр Ермұхамедова, №2 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Исмаилова және «Астана» колледжінің мұғалімі Гүлнұр Әліпбекова да әсем кештің төрінен табылды.

Жарық дүние сыйлаған жандарға кітапхана оқырмандары тәтті тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік іс-шарада айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі асыл ана, адал жар, аяулы қыз-келіншектерге арналды.

«AR-AI»-ақпарат