Жаңалықтар

Қазақстанда ауыз суды пайдаланатын көлік жуу орындарының жұмысына тыйым салынады

Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады,деп хабарлайды arainfo.kz

Мәжіліс жаңа Су кодексін қабылдады. Жаңа ережелерге сәйкес, шағын көлік жуу орындарынан бастап ірі зауыттар мен кемелерге дейін арнайы су пайдалану рұқсатын алу міндеттеледі. Бұл туралы кодекс бойынша жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев мәлімдеді.

Оның айтуынша, кәсіпорындарға айналымдағы су жүйесін енгізу үшін екі жыл уақыт берілген.