Аида Балаева журналистерге үндеу жасады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілісте журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты жағдайға пікір білдіріп, журналистер мен мемлекеттік органдар арасындағы сыйластық пен кәсіби қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.
Министр журналистерді іс-шараларда белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің де БАҚ өкілдеріне құрметпен қарап, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуі қажет екенін айтты.
Министрлік мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен бірлескен жиын ұйымдастырып, ақпарат құралдары мен билік арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жұмыстарды күшейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Ақпарат комитетінің конструктивті диалог орнату бойынша жұмыстарды жандандыратынын да айта өтті.