Таразда 160 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Сәрсенбі, 5 наурыз күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев баспана кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықтың көптен күткен қуанышты сәтіне ортақтасты,деп хабарлайды arainfo.kz
Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтарға жаңа баспана табысталды
5 наурыз күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев халықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Жаңа баспаналарға 2012-2015 жылдары кезекке тұрған көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, ІІ топ мүгедектері, жетім балалар және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар қол жеткізді. Олардың қатарында көпбалалы ана Мөлдір Шадманова да бар:
«Ұлы дала» шағынауданында орналасқан №26 үйдің жалпы ауданы 9 600 шаршы метрді құрайды. 160 пәтерлі, екі бөлмелі көпқабатты үйдің құрылысын «Aulet Stroy Taraz» ЖШС жүргізген. Қоныс тойдан кейін Ербол Қарашөкеев тұрғындармен бірге үйлерді аралап, құрылыс сапасын тексерді. Сонымен қатар, үйдің ауласына 20 түп ағаш отырғызылды.
Айта кетейік, биыл Жамбыл облысында 765 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Жыл соңына дейін 2 390 пәтерлік 50 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек (оның ішінде 2024 жылы – 1 159 пәтерлік 26 үй). Сондай-ақ, тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар үшін 4,9 млрд теңгеге 361 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.
Бұл бастама көптеген отбасыларға арман болған баспаналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.