Маман тапшылығы біртіндеп шешілуде
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баяндамашы облыстың денсаулық сақтау саласында былтыр атқарылған жұмыстар мен алға қойылған міндеттер туралы баяндап, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Былтыр денсаулық сақтау басқармасына жергілікті бюджет есебінен 15 297,3 миллион теңге қарастырылыпты. Игерілген қаражат 14 990,8 миллион теңгені құраған. Тиісті қаражаттың игерілмеуіне облыстық психикалық денсаулық орталығындағы «СК Мақсат LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан өткен жылдың соңына таман ұсынылған актілерде бірқатар кемшіліктердің анықталуы себеп болған.
Сондай-ақ спикер штаттық бірлік, инфрақұрылым, материалдық-техникалық база, қауіпті аурулардың алдын алу секілді әрбір бағыт бойынша атқарылған жұмыстар пен алдағы жоспарлар жайлы егжей-тегжейлі мағлұмат берді.
Н.БОЛАТҰЛЫ