Жаңалықтар

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты былтыр 1,5 миллион қонақ қабылдады

2024 жылы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты 1,5 млн қонақ қабылдады,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл – отандық және шетелдік туристердің жалпы саны. Тау-шаңғы курортына жазғы және қысқы маусымда шамамен бірдей туристер келген. Яғни, жазғы маусымда – 700 мың, қысқы кезеңде 800 мың адам «Шымбұлаққа» барған. Туристер санының жылдық өсімі 24%-ды құрады.

Алматыда орналасқан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты ел тұрғындары арасында да, шетелдік меймандар арасында да кеңінен танымал бола бастады. Мұнда көбінесе Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Таяу Шығыс елдерінен туристер келеді.