Жаңалықтар

Нақты міндеттер жүктелді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті рет аппараттық жиын өтті,деп хабарлайды arainfo.kz

Басқосу барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев сөз сөйлеп, жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. 

Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілетінін баса айтты. 


Жиын соңында аталған түзеу мекемесіндегі жедел жағдайдың тұрақтылығына айрықша көңіл бөлу – айрықша назарда екені атап өтілді.