«Аз жақсылық жасағанға да – көп рақмет айту парыз» атты әдеби лейтмотив өтті
Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Аз жақсылық жасағанға да – көп рақмет айту парыз» атты әдеби лейтмотив өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Алғыс айту күні – еліміздегі тыныштық пен келісімнің, өзара сенім мен құрметтің символы. Бұл күн халықтар арасындағы мейірімділік пен бауырмалдықтың, қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдерде көрсеткен қамқорлығының жарқын үлгісі болып табылады.
Мерекелік шараны «Қарақат» мектеп студиясының «Баян сұлу» би ансамблі Украин биімен ашып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Кештің келесі бөлімінде «Аз жақсылық жасағанға да – көп рақмет айту парыз» атты әдеби лейтмотив өтті.
Жиынға Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері, ақын-жыршы Тазабеков Ертай Ойшыбекұлы, «Манас-Ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Меңдібаев Абзалбек Ахметұлы, «Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Калькова Лариса Викторовна, Қазақ студенттері Альянсы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Байпақ Дархан Қуанышұлы қатысып, Алғыс айту күнінің мәдениетіміздегі орны мен этносаралық татулықтың маңыздылығы жайында ой бөлісті.
Қонақтар жастарды мемлекеттік тілді құрметтеуге, ел бірлігін нығайтуға шақырып, барша жиналған қауымды мейраммен құттықтады. Іс-шара соңында кітапханашылар әсем ән шырқап, жиналған қауымға шаттық пен қуаныш сыйлады.
Бұл ерекше күн елдегі бірліктің берік іргетасы мен бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын мағыналы мереке ретінде есте қалды.