8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі
Халықаралық әйелдер күніне орай, елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады,деп хабарлайды arainfo.kz
Астана қаласында көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналарға арналған біржолғы әлеуметтік көмек туралы жаңа ақпарат жарияланды.
2023 жылғы 3 қазанда Астана қаласы мәслихатының №84/10-VIII қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын 36 мыңға жуық көпбалалы анаға 9 830 теңге (2,5 АЕК) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Бұл көмек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады. Төлемдер мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары бойынша бөлінеді.