Жаңалықтар

Көктемде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі

1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанда көктемгі кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарды сақтау мақсатында бір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы жауапты мекемелер хабарлады.

1 наурыз – 1 сәуір аралығында шектеу енгізілетін өңірлер:

Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары.

23 наурыз – 1 мамыр аралығында шектеу қолданылатын өңірлер:

Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.Ал;

Шектеу шаралары жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қатысты қолданылмайды.