Экологиялық акция жалғасуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Жуырда өңірде жастардың қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда ,Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков саябағында жастар акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қатысушылар қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.
Осындай бағыттағы ісшаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды.
Жастар «Таза Қазақстан – таза табиғат» ұранымен Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы А.Суханбаев атындағы саябақта, Меркі және Жамбыл аудандарындағы орталық саябақта тазалық жұмыстарын атқарды.
Айта кетейік, 2025 жылы да облыста акция шеңберінде ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.
Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күлқоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі