Жаңалықтар

Қазақстанда АЭС салынатын орын белгілі болды

Еліміздегі алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Жамбыл ауданында салынады, деп хабарлайды arainfo.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес, Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Құжат 30 желтоқсанда қабылданып, бүгіннен бастап заңды күшіне енді.

"Алматы облысының Жамбыл ауданы – 'Атом электр станциясы' ядролық қондырғысы салынатын аудан ретінде бекітілсін", – делінген қаулы мәтінінде.