Жаңалықтар

Қазақстанның зейнетақы қоры 284,9 млрд теңге шығынға ұшыраған

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) тоғыз ай ішінде 284,9 миллиард теңге шығынға ұшыраған, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, шығынға негізінен нарықтағы құбылмалылық пен әлемдік экономикалық факторлар әсер еткен. Мұндай жағдай соңғы рет 2024 жылдың сәуір айында байқалған.

Негізгі шығын көздері:

  • Бағалы қағаздардың қайта бағалануы: 252,1 млрд теңге.
  • Сыртқы басқарушылардың жұмысы: 120,2 млрд теңге.
  • Теңге бағамының күшеюі: 52,9 млрд теңге.

Сонымен қатар бағалы қағаздардан түскен 139,9 млрд теңге кіріс шығынды толық жаба алмады.DataHub сарапшыларының пікірінше, шығындарға әлемдік тұрақсыздық себеп болған. Атап айтқанда:

  • Дональд Трамптың жаңа тарифтер енгізу туралы мәлімдемесі.
  • АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі.
  • Нарықтағы күтпеген өзгерістер.

Мамандар БЖЗҚ активтерінің ұзақмерзімді перспективада тұрақтанып, нарықтағы тұрақсыздықтың азаюы арқылы шығындар біртіндеп өтелуі мүмкін екенін айтады.