Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Рамиль Камалов Қазақстанның төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рамиль Фатқұлұлы Камалов ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұған дейін ол 2016-2017 жылдары Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарды.