«Көрінеді тілден түйсік, білім де, біле білсең жарылқаушы – тіліңде»
Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай «Көрінеді тілден түйсік, білімде біле білсең жарылқаушы – тіліңде» тақырыбында әдеби жорға (байқау) ұйымдастырылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Байқау Тараз қаласының білім бөлімінің №2 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қатысушылар «Жас Қыран», «Культура и наследие», «Бірлік», «Языковой мост» топтарына бөлініп, өз ана тілінде топты таныстыру, тақырып аясында қазақ ақын-жазушыларының өлеңін оқу, тілге қатысты сұрақ-жауап бөлімі және топтың жеке өнері бойынша бақ сынап, өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ байқауға қазылық еткен тәлімгерлер ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуға шақырды.