Қазақстандықтарға +870 кодты нөмірлерден сақ болу ескертілді
"Мемлекеттік техникалық қызмет" компаниясы қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады,деп хабарлайды arainfo.kz
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ +870 кодымен басталатын қоңыраулар мен хабарламаларға сақ болуды ескертеді. Бұл код Инмарсат спутниктік жүйесіне тиесілі және теңізде, әуеде, шалғай аймақтарда байланыс орнату үшін қолданылады.
Алайда, алаяқтар оны Қазақстан нөмірлеріне ұқсастығын пайдаланып, адамдарды алдау мақсатында қолдануы мүмкін. Инмарсат жүйесінде қолданылатын кодтар:
- +870 – жалпы желіге кіру коды (SNAC)
- +871 – Атлант мұхитының шығысы (AOR-E)
- +872 – Тынық мұхиты аймағы (POR)
- +873 – Үнді мұхиты аймағы (IOR)
- +874 – Атлант мұхитының батысы (AOR-W)
Алаяқтықтың алдын алу үшін:
- +870 және осыған ұқсас кодтары бар бейтаныс нөмірлерге жауап бермеңіз.
- Жеке деректеріңізді, SMS кодтар мен банк ақпаратын ешкімге хабарламаңыз.
- Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, бұғаттап, елемеңіз.
- Алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақтық шараларын ұстаныңыз!