Көктегі күнді кестеге, төскейдің гүлін кесеге қондырған
Ұлы Жібек жолының бойында жатқан көне Тараз шаһары 2022 жылы 1 қазанда Дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енген болатын. Сол кезде облыс орталығы осы тізімге 56-қала болып енсе, одан кейін тізім тағы бір қаламен толықты. Айта кету керек, Тараз Қазақстан бойынша аталған тізімге енген ең алғашқы қала.