Жамбыл жаңалықтары

Тағайындау

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 14.02.2025 жылғы бұйрығымен Қуанышев Еркін Тілешұлы Жамбыл облысы бойынша өкіл болып тағайындалды.

Еркін Тілешұлы 1968 жылы 1 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1986 жылы Жамбыл есеп санақ техникумын үздік бітіріп, 1990 жылы Жамбыл технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтап, 1998 жылы Талдықорған сыртқы заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Свердлов аудандық комсомол комитетінің қаржы және есеп секторының меңгерушісі болып бастаған. Тараз қаласының салық органдарында еңбек етіп, 1993 жылдан 2023 жылға дейін прокуратура органдарында 30 жылдан астам түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс атқарған. 2023 жылдың тамызында отставкаға кетті.

2023 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның мүшесі. Тараз қаласы, №8 гимназияның әкелер Кеңесінің төрағасы, облыс прокуратурасы органдарының ардагерлер кеңесі атқару комитетінің мүшесі.

Оннан астам мерекелік медальмен, «Прокуратура озаты» құрмет белгісімен, сондай-ақ «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағымен марапатталған.

Үйленген, 4 баласы бар.