Жаңалықтар

«Тәуелсіздік - ғасырдан жеткен ұлы күн» атты оқырман конференциясы өтті

«Ақтарылған архив, тасқа басылған тарих» жобасы аясында кітапханада «Тәуелсіздік – ғасырдан жеткен ұлы күн» тақырыбында оқырман конференциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шараға Жамбыл облыстық мемлекеттік архивінің бөлім меңгерушісі Сағындық Зейнуллаұлы, архивист, ардагер журналист Әділбек Баққараұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы Алдибаева Аида Берікқызы және 3-курс студенттері, сондай-ақ Тараз политехникалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Аяжан Дәуітбаева Ерназарқызы қатысты.

Конференция барысында Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалар мен архивтік деректер талқыланды.