Елімізде Tasqyn су болжау жүйесі қолданысқа берілді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.
Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.