Исламбек Қуат "Жеңіс" футбол клубына ауысты
Тәжірибелі қазақстандық жартылай қорғаушы «Жеңіс» футбол клубының қатарына қосылды,деп хабарлайды arainfо.kz
"Жеңіс" клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Исламбек Қуат – елорда футбол мектебінің түлегі.
Оның спорттық жолы дәл осы "Жеңістің" футбол орталығынан басталған. Кәсіпқой мансабында "Оқжетпес", "Астана", "Ақтөбе", "Қайрат", сондай-ақ Ресейдің "Оренбург" және "Химки" клубтарында өнер көрсетті.
Алматылық "Қайрат" сапында екі мәрте Қазақстан кубогын жеңіп алған. Ел премьер-лигасы мен кубогында 250-ден астам матч өткізген тәжірибелі жартылай қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 64 ойынға қатысып, 6 гол соққан.
Қазіргі таңда Исламбек Қуат Түркияда жаңа маусымға дайындалып жатқан "Жеңіс" құрамына қосылып, алғашқы жаттығуын өткізіп үлгерді.