Жаңалықтар

Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жасады

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды arainfo.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар тағайындаулар мен қызметтен босатулар жүзеге асырылды.

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Оның орнына Ербол Дәненұлы Адаев тағайындалды.

Сонымен қатар Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Дәурен Тілекұлы Ерғарин тағайындалды.