Жаңалықтар

Қар, тұман және аяз: 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 17 ақпан, дүйсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 2025 жылғы 17 ақпанда Жамбыл облысында күн бұлтты болады, кей жерлерде күн ашылуы мүмкін. Күндізгі температура +5°C-қа дейін көтерілсе, түнде -5°C-қа дейін төмендейді.

Сонымен қатар кей өңірлерде желдің жылдамдығы 10-15 м/с жетуі мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, жолдағы көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.