Алақандай аралдан Анталияға дейін...
Назиля Касымованың ұлты әзербайжан болса да жаны қазақ. Қазақ тілінде еркін сөйлейді. Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да өте жақсы біледі.
Өмірді шексіз сүйетін, адамдарға жақсылық жасаудан жалықпайтын, қандай қиындық келсе де мойымайтын қайсар жан 1971 жылы Қордай ауданына қарасты бұрынғы Славный, қазіргі Арал ауылында дүниеге келген. Отбасындағы 7 баланың кенжесі. Бүгінде Назилия Түркияның Анталия қаласында тұрады.
Назиля мектепті бітірген соң Қарағанды университетінде «Тағам өндірісі технологиясы» мамандығы бойынша оқыды. Диплом алған соң мамандығымен еңбек етеді. Кейін тараздық жігітке тұрмысқа шығып, отбасын құрады. Бірақ қалада ұзақ тұрақтай алмай, отбасымен туған ауылынан үй сатып алып, көшіп келеді. Дегенмен тоқсаныншы жылдардың қиын кезеңінде тұрақты жұмыс табу оңай болмады.
Әрине, Анталияда да бәрі оңай болған жоқ. Бөтен ел, жаңа мәдениет, басқа тіл. Басында орыс мектебіне администратор болcа, кейін туристік фирмада аудармашы болып жұмыс істеп көреді. Бірақ ешқайсысы көңілінен шықпады.
Бүгінде Назиля Түркияда тұруға ықтиярхат, медициналық сақтандыру, шетелдіктерді мектепке орналастыру, баспана сату-сатып алу бойынша көмек көрсетеді. Сондай-ақ қаржылық қиындыққа тап болған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан азаматтарына жұмыс тауып берумен айналысады.
Назиляның ойынша, әр елдің, әр қаланың өз ерекшелігі бар. Бірақ бәрі адамның өзіне байланысты. Өмірді сүйе білу керек! Оптимист болған адам барлық жерде бақытты өмір сүре алады.
Сәуле МҰХАДИНҚЫЗЫ,
журналист,
Қордай ауданы