Заң көмегін алу мүмкіндігі көбейді
ҚР Әділет министрлігі тұрақты түрде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінде «Цифрлық Әділет – Қазақстан құқықтық сауаттылықты қалай арттыруда және заң көмегінің қолжетімділігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Брифинг облыстық әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасовтың қатысуымен өтті. Спикердің айтуынша, облыста 120-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылған. Олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және тағы да басқа «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді.