ҚАЖ қызметкерлері кіші футболдан сынға түсті
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері кіші футболдан өзара кім мықтыны анықтады,деп хабарлайды arainfo.kz
Құқық қорғау саласында еңбек ететін жандар үшін спорттың алар орны ерекше.Өйткені, тәулік бойы тыным таппайтын тәртіп сақшыларының бойында алысқанды атып ұратын ептілік болуы тиіс. Ал, жүйелі жаттығулар әркез сергек жүрудің басты кепілі.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері кіші футболдан өзара кім мықтыны анықтады. Бұл күні ҚАЖ қызметкерлері теңбіл допты ұршықша иіріп, жасыл алаңда шын шебер екенін дәлелдеуге күш салды.
Айта кетейік, бұқаралық спорттың бұл түрі мекеме қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін шыңдай түсері сөзсіз.