Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алуға өтініш берді
Кәсіпкер Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алатынын растады, деп хабарлайды arainfo.kz
Kaspi.kz-тің негізгі акционері Вячеслав Ким қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтініш берді.Оның айтуынша, бұл келісім Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ. Қазіргі уақытта өтінім реттеуші органның қарауында, шешім егжей-тегжейлі зерттеуден кейін қабылданады.Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Jusan Bank акцияларының 97,5%-ы кәсіпкер Ғалымжан Есеновке тиесілі.
Оның:
19,67%-ы тікелей өз меншігінде,
77,86%-ы First Heartland Securities арқылы иеленген.
Бұл ақпарат реттеуші органның шешіміне байланысты алдағы уақытта нақтылануы мүмкін.