Жамбыл жаңалықтары

Су добынан ел біріншілігі басталды

Тараз қаласындағы №4 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты «Дельфин» жүзу бассейнінде су добынан 2011 жылы туған және одан кіші қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне облысымыздан бөлек Астана, Алматы қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысуда.

Семей қаласынан келген «Намыс» клубының жаттықтырушысы Абзал Қанатұлы Таразға үшінші рет келіп отырғанын айтып, әсерімен бөлісті.

Ел чемпионаты екі күнге жалғасады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Айта кетейік, облысымызда су добы спортымен 387 бала шұғылданып, 8 жаттықтырушы жұмыс істеуде.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ