Қазақстанда дұрыс тіркелмеген смартфондар бұғатталады
24 наурыздан бастап IMEI коды жоқ немесе қара тізімге енген құрылғылар бұғатталады,деп хабарлайды arainfo.kz
Ұялы телефондар ақ, сұр, қара тізімдерге бөлінеді:
- Ақ тізім – тексеруден өткен, тіркелген құрылғылар.
- Сұр тізім – уақытша қосылған, қосымша тексеруді қажет ететін телефондар.
- Қара тізім – сәйкестендіру коды өзгертілген немесе GSMA халықаралық қара тізіміне енген құрылғылар.
Операторлар құрылғының заңдылығын тексеріп, пайдаланушыларға мәртебесі туралы хабарлайды. Егер телефон сұр тізімде болса, иесі 30 күн ішінде оны растауы керек, әйтпесе құрылғы бұғатталады.
Жөндеуден өткен телефондардың тіркелуі де қатаң бақыланады. Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 60 күннен соң күшіне енеді.