Қазақстандықтар орташа есеппен қанша табыс табатыны белгілі болды
Бюро мәліметінше, 2024 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда медианалық жалақы 308 717 теңге, ал орташа жалақы 434 982 теңге болған,деп хабарлайды arainfo.kz
2024 жылдың IV тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы 434 982 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 10,5%-ға жоғары. Нақты мәнде жалақының өсуі 1,8% құрады. Медианалық жалақы 308 717 теңге деңгейінде болды.
Жалақының ең жоғары өсімі ақпарат және байланыс саласында байқалды – 32,8%. Сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылығы (22,7%) мен жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,3%) салаларында да айтарлықтай өсу тіркелді. Денсаулық сақтау мен білім беру салаларында жалақы өсімі тиісінше 7,6% және 5% болды.
Өңірлер бойынша ең үлкен жалақы өсімі Алматы мен Шымкентте байқалды – 13,6%, ал Қарағанды облысында 13,2%, Солтүстік Қазақстан облысында 12,9% және Ақтөбе облысында 12,6% өсті.
2024 жылғы IV тоқсанда жалақының ең жоғары және ең төменгі мәні арасындағы арақатынас 2,1 есеге дейін жетті.