Жамбыл облысында 6 ауылға су басу қаупі төніп тұр
Жамбыл облысында Талас өзенін жағалай орналасқан 6 ауылды су басу қаупі бар, деп хабарлайды arainfo.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында тасқынның алдын алу жұмыстары аясында 260 миллион теңге бөлініп, бірнеше маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Мамандар таулы аумақтардағы алты учаскеде сел жүруі мүмкін деген болжам айтып отыр, сондықтан облыс әкімдігі тарапынан ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Талас өзенінің арнасын кеңейту, қамыс пен тал басқан тұстарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл өзеннің жағалауында орналасқан Қарасай, Жасөркен, Қызылқайнар, Сарыкемер, Қостөбе және Тектұрмас тұрғын алаптары үшін аса маңызды. Өзен арнасындағы өзгерістер Қарасай тұрғын үй алабындағы 5 мың адамды тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, Талас өзенінің деңгейінің көтерілуі мүмкіндігіне байланысты қауіпті аймақтарға бөгет салынып жатыр. Ұзындығы 400 метрге жететін биіктігі 2 метр, ені 10 метр болатын бөгет қазіргі уақытта салынып бітуге жақын.
Қырғызстанның Чоң қақпа су қоймасы 86%-ке толғандықтан, өзенге күнделікті 33 текше метр су көлемінің артуы мүмкін деген қауіп бар. Егер тау суы еріп, жаңбыр қосылса, бұл жергілікті халық үшін үлкен қатер төндіруі мүмкін.
Өткен 2016 жылы Талас өзені арнасынан асып, елді мекендерді су алған еді. Осыған орай, кейінгі жылдары өзен арнасын нығайту үшін 3,4 миллиард теңге бөлініп, бөгет салу, жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Бірақ бұл шаралар да жеткіліксіз болып қалды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасуда.
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек мәлім еткендей, 7-ші аймақта «Қазсушар» кәсіпорнының техникалары арнаны кеңейтіп, жағалау бекіту жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта 3 шақырымға дейін механикалық тазалау жұмыстары жасалып, қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.
Мамандар меркі мен Жуалы аудандарындағы шатқалдарда сел жүруі мүмкін екенін атап өтіп, алдын алу шараларын жедел түрде жүргізуде.