Мәдениет

Тау баласы

Ақын ол, Хан Тәңірінің мұзбалағы,

Қаршадайынан құмар боп құзға жаны.
Поэзияның көгінде еркін самғап,
Тек биіктен баққан ол түз, даланы.
 

Қазақтың қара өлеңін өз еліне,
Сенді ол шекпен қылып береріне.
Поэзияны егіз етіп өзіменен,
Қара өлеңді көтерді кемеліне.
 

Ғашықпыз, шын ғашықпыз өлеңіне,
Ол өлсе, жыр да бірге өледі ме?
Жоқ, Мұқаңның сарқыты тұрған кезде,
Ән-жыр ғып қосам мәңгі өлеңіме.
 

Ол – таулық, таудан ол жаратылған,
Поэзияның ақиығы дара туған.
Қаймана қазақ оны жоғалтқанда,
Тау-тас мүлгіп, қайғыдан дала тұнған.
 

Алып-ұшқан сезімде дара екпін,
Махаббаттан тек ұшқын ғана жетті.
Аққуынан айырылса айдын көлдер,
Көк күңіреніп, рухын оның ала кетті.

 

Меруерт РАХЫМБАЕВА,
№64 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,

Тараз қаласы